Халықаралық ғылыми конференция «ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР»

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2024 жылғы 17-20 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде гибридті форматта өтетін «Қазақстан Республикасының ірі қалаларының орнықты дамуын кешенді географиялық бағалау» АР 19677682 жобасы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР» Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2024 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Конференцияның мақсаты – қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді ескере отырып, қалалық аумақтарды орнықты дамытудың теориялары мен практикаларын тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен алмасу; қалаларды орнықты дамытудың проблемалық мәселелерін талдау және оларды шешудің тиімді жолдарын іздеу; табиғи ресурстарды ұтымды, ұқыпты және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ конференция жұмысының барлық көрсетілген бағыттарында (секцияларында) ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу.

Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) ұйымдастырылады.
Конференция серіктестері: Оксфорд университетінің Тұрақты қалалық даму кафедрасы (Ұлыбритания), Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ), (Мәскеу, Ресей), «ҚАЗГИПРОГРАД 1» Жобалау институты (Алматы, Қазақстан Республикасы).
Конференция бағдарламасы пленарлық, секциялық және қорытынды отырыстардың жұмысын қарастырады. Секциялардағы жұмыс келесі бағыттар (тақырыптар) бойынша::

  1. Тұрақты дамудың әлеуметтік-экономикалық және теориялық-әдіснамалық аспектілері.
  2. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығы, қауіпсіздігі, өміршеңдігі және экологиялық тұрақтылығы, қалалық орта сапасының мәселелері.
  3. Өмір сапасы, әлеуметтік әл-ауқат және демографиялық процестер тұрақты қала құрылысының мақсатты бағыттары ретінде.
  4. Тұрақты даму факторлары ретінде табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздік.
  5. Әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жүйелердің тұрақты дамуы контекстінде адами капиталды қалыптастырудағы жаңа білім беру технологиялары.
  6. Табиғи-аумақтық кешендер климаттың өзгеруі және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларының шиеленісуі жағдайында табиғи және антропогендік экожүйелердің тұрақтылығының негізі ретінде.
  7. Туризм және рекреация: олардың аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі.
  8. Қалалардың тұрақтылығы мен урбанизация процестерін зерттеуде ГАЖ технологияларын қолдану.

Толғырақ: https://geourban.kz/kz

Басылым күні :  13.03.2024