ТҮРКІ ӘЛЕМІ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ

Түркі мемлекеттері ұйымының Х Саммитінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы «Түркі дәуірі!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін мәлімдеді. Президент «Түркі бірлігін дәріптеудің маңызы зор. Өйткені біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз (менталитет) – ортақ» деп айтты. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында  өткен Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды. Осыған орай,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Географиядан Республикалық атаулы мектеп және География және су қауіпсіздігі институты бірлесе отырып ТҮРКІ ӘЛЕМІ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ГЕОГРАФИЯ  КОНГРЕСІН  2024 жылдың 18 – 20 сәуір күндері аралығында Түркістан қаласында  өткізуге шешім  қабылдады. 

Конгрестің негізгі мақсаты‒ Еуразия материгіндегі ұлан-ғайыр аймақта қоныстанған Түркі тілдес елдердің ғалымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, географиялық зерттеулердің дамуына ықпал ету.

https://geoconference.ayu.edu.kz/kz/

Басылым күні :  13.03.2024