"Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары"

5.02.2024 ж. күні жасалған Арнайы хабарлама негізінде №4 жатақханадағы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттеріңе "Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары" атты арнайы іс шара өткізілді. Бұл іс шараны ұйымдастырған кафедрамыздың меңгерушісі г.ғ.к. доцент Токбергенова А.А., оқытушылар: Сатвалдиев Б.Т. және Усаров Ө.Б. Іс шараның өзектілігі Алматы қаласының сейсмикалық аймақта орналасуы және соңғы кезеңдерде жер сілкінулерінің жиі қайталануы. Іс шараның барысында жатақханада тұратын кафедра студенттеріне арнайы бейнебаяндама дайындалып, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді, яғни жатақханадағы қауіпсіз мекендер, шұғыл түрде орындалатын әрекеттер және жарақаттанған адамдарға алғашқы көмек қалай жасалатындығы баяндалды. Сонымен қатар, іс шараның соңында жатақханада тұрып жатқан студенттермен жатақханада орын алып жатқан мәселелер талқыланды. Өткізілген іс шара бойынша, студенттер тарапынан алғыстарын білдіріп, мұндай іс шараның жиі өтілуің өтінді.

Басылым күні :  01.03.2024