Поэзия патшасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған куратор сағаты

«Өзгереді мұхиттар, құрлықтарда» тақырыбында поэзия патшасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған куратор сағаты

 

          География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 3 курс «6В05205 – География» мамандығының студенттері «Өзгереді мұхиттар, құрлықтарда» тақырыбында поэзия патшасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арнап куратор сағатын өткізді.

Куратор сағатында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған видеоролик көрсетіліп, шығармашылық жолындағы кезеңдер қамтылды және шығармашылығы мен ақындық өміріндегі оқиғалар талданды.  

Қасым Гүлдана мен Қаусыл Дильназ Мұқағали Мақатаевтың «Өзгереді» өлеңін оқып талдап шықты. 

Қазақ әдебиетінің дамуына және поэзияның өсіп-өркендеуіне ерекше өз үлесін қосқан ардақты да аяулы тұлғамыздың еңбектері насихатталды. Қазіргі жастарымыздың Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен сусындап, әндерін жатқа айтып өмірге деген құлшынысын ойатуда және терең білімі мен еңбекқорлығы жастарға өмірлік өнеге екені баса айтылды.

Куратор сағатының соңында эдвайзер Мылқайдаров Әлім Төлекұлы атсалысқан студенттерге рахмет айта отырып, Мұқағали Мақатаевтың өмірінен, ақындық жолынан, халыққа тастаған асыл мұрасынан мысалдар келтіріп, поэзия патшасын ардақтап, өлеңдерін үлгі тұтып, насихаттап жүру керектігіне тоқталды. Куратор сағатының соңында топ студенттері естелік суретке түсті.

Басылым күні :  09.02.2024