Менің Қазақстаным

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 3 курс «6В05205 – География» мамандығының студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» тақырыбында куратор сағатын өткізді. Куратор сағаты Республика күніне орай әнұранды айтумен басталды. Куратор сағатында Қазақстан Республикасының жетістіктері жайлы айтылып өткенімен салыстырмалы талдаулар жасалып, көптеген пікірлер айтылды. Куратор сағатының соңында эдвайзер Мылқайдаров Әлім Төлекұлы атсалысқан студенттерге рахмет айта отырып, Қазақстанның қуаты халықтардың бірлікте екенін баса айтып, бейбіт өмір кешуді тіледі.

 

 
   

Басылым күні :  23.10.2023