"Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы"

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «6В02025 – География» мамандығының 3 курс студенттері Қазақтың рухани көсемі атанған Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы» атты тақырыпта куратор сағатын өткізді.

Куратор сағатын өткізген студенттер Олжабек Наргиза, Омирзакова Аружан, Орынбасар Гүлназ, Нурдуллаев Мухит Ахмет Байтұрсынұлы туралы жан-жақты материалдарды слайдта көрсете отырып, көптеген мәліметтер берді. Қазақстан халқы тілдері мерекесі күні қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып бекітілгенін ерекше айтып өтті.

Куратор сағатының соңында эдвайзер Мылқайдаров Әлім Төлекұлы қорытынды сөз сөйлеп, өткізген студенттерге рахмет айтып, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш ардақтылары туралы көптеген мағлұматтар айтып өтті.



Басылым күні :  06.10.2023