Ұстаз – Ұлағатты есім

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы Халықаралық ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаз – Ұлағатты есім» тақырыбында кафедра студенттері мен оқытушыларының қатысуымен ауқымды кеш өткізді.

Халықаралық ұстаздар күніне орай кафедра меңгерушісі Айгүл Абдуғаппарқызы оқытушылар мен студенттерді мерекемен құттықтап, еңбектеріне ғылыми табыс пен мерекелік лебіздер айтып барша жиналғандар мен ұйымдастырушыларға рахметін айтып өтті.

Мерекені ұйымдастырған 3 курс «Кадастр» мамандығының студенттері мен эдвайзерлері Джумабекова Индира Доқтырбайқызы, Асен Нұрдана Қабылқызы және Жұматаева Жазира Манарбекқызы мерекелік іс-шараның жақсы да мағыналы өтуіне ерекше атсалысты.

Мерекелік кеште студенттер ән, би және түрлі ойындар ұйымдастырып, қызықты да көңілді өткізді және ұстаздарға гүл шоқтарын силап көтеріңкі көңіл – күй силады.

Мерекелік кеш соңында География және табиғатты пайдалану факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Таныбаева Айнур Қабдырасылқызы мен География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға эдвайзері Мылқайдаров Әлім Төлекұлы қорытынды сөз сөйлеп, барша ұйымдастырушыларға рахмет айта отырып, құттықтау лебіздерін білдірді.

 

 



Басылым күні :  06.10.2023