Жапония сапары

География және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымының кандидаты Мылқайдаров Әлім Төлекұлының Жапонияға жасаған іс-сапары.

Әлемдегі аса жоғары дамыған ел Жапонияның Токио, Иокохама, Киото, Нара т.б. қалаларына географиялық тұрғыда саяхаттар жасай отырып, қалалардың даму ерекшеліктерін, қала инфрақұрылымын және халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен тұрмыстық ерекшеліктеріне, сондай-ақ көлік саласының дамуына талдау жасады. Әлемге әйгілі «Ниссан», «Сони», «Панасоник» т.б. компанияларын аралап, мұражайларымен танысып және сағатына 250-300 шақырым жылдамдықпен жүретін әйгілі «Шинкансэн» жүрдек пойызымен, әр қаладағы дәл уақытымен жүретін жылдам да ұшқыр «метро» желісімен жүріп көріп, көлік инфрақұрылымының жоғары дәрежеде екеніне көз жеткізіп келді. Білім мен ғылымды, мәдениетті ұштастыра отырып жоғары табыстарға жетіп отырған Жапония экономикалық тұрғыдан көшбасшы елдердің қатарында, сондықтан Жапония сияқты елдерден үйренеріміз өте көп. Көрген мен білгенді талдай отырып студенттерге жеткізу ең басты құндылықтың бірі.

Алған білімдеріне сүйене отырып, Әлім Төлекұлы осы елдегі ұйымдасқан құрылымның үлгісі болып табылатын Жапонияның инфрақұрылымы туралы барлығына шағын дәріс оқыды. Қатысушылар инфрақұрылымды дамыту және оның қоғам үшін маңыздылығы туралы құнды білім алды.

Басылым күні :  28.09.2023