«6В05205-география» мамандығы бойынша кәсіптік (оқу және жалпы географиялық) практика

География және табиғатты пайдалану факультетінің «6В05205 – География» білім беру бағдарламасы бойынша География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушылары Рыскелдиева Айжан Мұратовна мен Усаров Өткір Базарбаевич жетекшілігімен 1 курс студенттері 3 аптаға 29.05.2023 ж. - 17.06.2023 ж. далалық жағдайда Алматы қ. - Түркістан облысы – Шымкент қ. – Алматы қ. (Түркістан қ., Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы, Шымкент қ., Сайрам - Өгем ұлттық паркі, Біркөлік шатқалы, Машат шатқалы, Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы) бағыты бойыншы кәсіби (оқу-жалпы географиялық далалық) практикасын өткізді

Практиканың мақсаты: практика студенттердің жалпы кәсіптік пәндер мен пәндік оқыту пәндері бойынша теориялық білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдету және бекітуге арналған.

Оқу (далалық) тәжірибенің негізгі міндеттері: 

– теориялық білімдерін бекіту;

– географиялық құбылыстар мен процестерді бақылау дағдыларын дамыту;

– табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді далалық зерттеу әдістемесін меңгеру;

– географиялық ойлауын дамыту;

- зерттеу дағдыларын және ғылыми шығармашылықты дамыту

- далалық материалды үстелде өңдеу және оны графикалық бейнелеу дағдыларын меңгеру;

- табиғат құбылыстарын бағалаудың кешенді тәсілін дамыту, табиғи құрамдастардың өзара байланысының күрделі жүйесін және табиғат пен адам әрекетінің өзара байланысының одан да күрделі жүйесін жазып алу, бақылау және талдау мүмкіндігі

- табиғаттың негізгі компоненттері арасындағы байланыстарды анықтап, талдай білу;

- ауданның топырақ кескіндеу әдістерін меңгеру;

- жер бетіндегі ландшафттық бірліктерді анықтау және оларды толық сипаттау; 

- өзен аңғары арқылы күрделі профильдерді төсеу;

- ландшафт картасын құрастыру.

 

 

 

 

 


 

Басылым күні :  21.09.2023