ҚазҰУ студенті «Жылдың үздік студенті 2022»

ҚазҰУ студенті «Жылдың үздік студенті 2022» Республикалық байқауының жеңімпазы Кумарова Дильназ!

2022 жылдың 26 қарашасында Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2022” атты республикалық байқауының жеңімпазы Кумарова Дильназ Қайратқызы  

Сол байқау нәтижесі бойынша әль-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан оқытушы Жұматаева Жазира Манарбекқызының жетекшілігімен қатысқан география жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «6В07304-Кадастр» мамандығының 2 - курс студенті Кумарова Дильназ Қайратқызы ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” төбелгісі мен, куәлік және I дәрежелі дипломмен марапатқа ие болды. ҚР тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітап, үздік жастардың түрлі-түсті электронды кітап-жинағы табысталып, жетекшісіне электронды алғыс хат берілді. Дильназды жеңісімен құттықтай құттықтаймыз!

Басылым күні :  13.12.2022