GISCA 2022 халықаралық конференциясы

Орталық Азиядағы XV ГАЖ халықаралық GISCA 2022 конференциясы 2022 ж. 23-27 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді. GISCA конференциясы 2005 жылдан бері жыл сайын өткізіледі, осы жылы де Зальцбург университетінің Орталық Азияның бірнеше қалаларында аймақтық форматта өтеді (Бішкек, Алматы, Ташкент және Душанбе).

Конференция ұйымдастырушылары - Геоақпараттық ғылымдардың Австрия-Орталық Азия орталығы - Австрия ғылым академиясы және Еуразия-Тынық мұхиты университеттер желісі (Еurasia-Pacific Uninet) қолдауымен ACA*GIScience Зальцбург университетінің халықаралық ГАЖ және геоинформатика орталығы.

Конференцияның негізгі міндеттері - Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ғалымдарын, оқытушыларын және ГАЖ мамандарын біріктіру, халықаралық ынтымақтастықты қолдау және көтермелеу, сонымен қатар ГАЖ білім беру саласында тәжірибе мен білім алмасу.

GISCA 2022 конференциясы аясында Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми ұйымдарының жетекші мамандарының жетекшілігімен жүргізілген аймақтық зерттеулерге геоақпараттық технологияларды қолдану бойынша ғылыми зерттеулердің тәжірибесі мен нәтижелері атап өтіледі.

Қабылданған мақалалар конференция жинағында жарияланады. Таңдалған мақалалар International Journal of Geoinformatics және басқа Scopus индекстеген журналдарда жариялауға ұсынылады.

Конференцияның бағыттары:

• Аймақтық тұрақты даму үшін ГАЖ;

• Геокеңістіктік инфрақұрылымдар мен экожүйелерді дамыту;

• Қоршаған ортаны қорғау және басқару, төтенше жағдайларды алдын алу және халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ГАЖ пайдалану;

• Ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және ГАЖ басқа қолданбалары;

• Геодезия, кадастр, картография және жерге орналастырудағы жаңа бағыттары мен технологиялары;

• Мәдени және табиғи мұра;

• Геоинформатика саласындағы кәсіби және үздіксіз білім.

Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын тілі.

Конференцияға қатысу: тегін.

Алматыдағы сессия 2022 жылдың 26 мамыр күні сағ. 14.00-16.00 (жергілікті уақыт) аралығында өтеді.

Барлық сессиялардың конференциясына қатысуға тілек білдірушілерді тіркеу және конференция бағдарламасы бойынша ақпарат ресми https://www.aca-giscience.org/pages/gisca-2022 сайтында берілген.

Аймақтық ұйымдастырушылар: география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы, г.ғ.д., профессор Нюсупова Г.Н., gulnara.nyusupova@kaznu.edu.kz.

Басылым күні :  26.04.2022