2016 жыл сәуір айының 11-14 аралығында өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес Жоғары мектебі 2016 жылы 11-14 сәуір аралығында өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға қатысуға Қазақстан мен ТМД елдерінің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары шақырылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ бағыты бойынша конференциясына арналған тақырып «Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан дамуының инфрақұрылымдық артықшылықтары».

Конференцияда әртүрлі ғылым, көбінесе экономика, сонымен бірге ғылыми өнертабыс салаларындағы теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қарастырылатын болады.

Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2016 жылдың 11-ші сәуірінен бастап тыңдалатын болады. Конференция шеңберінде секция жұмыстары мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  1. Дағдарыс жағдайында Қазақстанның инфрақұрылымдық басымдылықтарын қаржыландыру мәселелері
  2. Дағдарысқа қарсы басқарудың теориясы мен тәжірибесі
  3. Дағдарысқа қарсы басқаруда есеп, аудит және талдаудың рөлі
  4. Экономиканы әртараптандыру ел дамуының маңызды басымдылығы ретінде

 

Конференцияға қатысумен байланысты барлық шығындар қатысушылармен өтеледі. Коонференция материалдарының тезистері жеке жинақтар түрінде әр оқу саласы бойынша басылып шығарылады.

 

Қатысуға өтініштер мен тезистер конференция секцияларының хатшыларымен қосымшаға сәйкес 2016 жылдың 17 наурызына дейін қабылданады. Талаптар мен қосымша.doc

Басылым күні :  11.03.2016