Проект "Al-Farabi university - smart city"

ҚазҰУ-да жаңа формациядағы университетті құру мақсатында ұлы ойшыл әл-Фарабидің ізгілікті қала туралы ілімі негізі болып табылатын «Аl-Farabi university - smart city» жобасы іске асуда.

Университеттің жаңа моделін жүзеге асыру технологиялық және рухани-адамгершілік концептердің синергизмі негізінде қазіргі қоғамның дамуына байланысты инновациялық ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.

Парасатты университеттер - интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі, нәтижесінде Smart - Қазақстанды құрайтын біздің мемлекетіміздің Smart - қалаларының негізі.