«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

09.04.2019

Көрулер: 2939

 

 

9 cәуір 2019 ж. физика-техникалық факультетінде сағат 10:30, 200 ауд. «Радиофизика және электроника. Астрономия» секциясы бойынша дәстүрлі «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

 Бұл жылы конференцияға 89 қатысушы қатысты. Конференция бағдарламасы 51 баяндаманы құрады. Конференциядағы баяндама тақырыптары радиофизика, электроника және астрономияның өзекті мәселелеріне қатысты болды. Әрбір жасалған баяндама барысында қатысушылар және комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, баяндама белсенді талқыланды. Секция жиналысы қорытындысы бойынша 1-орын Рева И.В. 1 курс магистрантына берілді. Барлық қатысушылардың баяндамалары тезистер жинағына қосылды. Қорытындылай келе, келесі жылы да конференция болатынын айта кету керек. Барлық студенттер, жас ғалымдар, мамандарды баяндамашы немесе тыңдаушы ретінде келесі жылғы конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Қатысушылар саны-89.
Жеңімпаздар:

 Бірінші дәрежелі Диплом: 1
1) Рева Инна Владимировна (1 курс магистранты, "Физика және Астрономия")
Екінші дәрежелі дипломдар: 2
1) Нодияров Атильхан Султанмуратович (2 курс магистранты "Физика және Астрономия")
2) Әлмен Динара Бақытжанқызы ("Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»)
Үшінші дәрежелі дипломдар: 3
1) Ханиев Бақыт Абайұлы ("Радиотехника ,электроника және телекоммуникациялар»)
2) Сағынбеков Біржан Мұратбекұлы ("Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»)
3) Ибраимова Айгерім Талайбекқызы (1 курс докторанты "Физика және астрономия")