ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық пән олимпиадасы

18.03.2019

Көрулер: 3106

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2019 ж. 29-наурызына 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В061100 - «Физика және астрономия», 5В071000 -  «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық пән олимпиадасы өткізілетінін жариялайды.

Жоғарғы оқу орны әр мамандық бойынша тек бір команда жібереді. Команда 3-4 курс студенттерінен (3 адамнан артық емес) және жетекшіден (оқытушы) құралуы керек.

Қатысушылардың іссапар шығындарын (жол, тұру, тамақтану ақылары) жіберген оқу орнымен төленеді. ҚазҰУ жатақханамен қамтамасыз етпейді.

Қатысу үшін өтініштерді 2019 ж. 19 наурызына дейін жіберуді сұраймыз (Қосымша 1).

 


Оргкомитет мекен-жайы:

 

050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, АҚ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», физико-техникалық факультеті.

Байланыс телефондары: 8(727) 377-34-12.

Олимпиаданы өткізуі және жауапты ұйымдастырушылары

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша Муханова Айнур Қабылжанқызы, тел. 8-702-963-32-63, е-mail: ainura2206@mail.ru.

«Физика және астрономия» мамандығы бойынша Амантаева Айнаш Ерланқызы, тел. 8-777-970-85-92, е-mail: amantayeva.94@gmail.com

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Досеке Улантай Алибекұлы, тел. 8-707-591-00-98, е-mail: udoseke@mail.ru