«Жас қанат» жыр мүшайрасы!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2017 жылдың 15-қарашасында Қазақ Ұлттық университетінің филология жəне əлем тілдері факультеті мен журналистика факультетінің 1 курс студенттері арасында өтетін «Жас қанат» мүшайрасына шақырады.
Қазылар алқасының төрағасы - «Дарын» сыйлығының лауреаты, ақын Бекжан Əшірбаев.
Сайысты ұйымдастырушылары: қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: «Əдеби жүздесулер» клубының жетекшісі, профессор м.а. С. Қалқабаева, «Түлектер» клубының жетекшісі, профессор м.а. Р. Әбдіқұлова және оқытушы Б. Баязитов.
Басылым күні : 30.11.2017