Ғылым мен білімдегі жастар

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Дінтану және мәдениеттану кафедрасында 13.04.2015 жылы дәстүрлі «Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ғылым мен білімдегі жастар» атты студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты жастарды СҒЗЖ аясында ғылыми зерттеу істеріне араластыру. Секция жұмысына әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар, сыйлықтар берілді.

 


Басылым күні :  20.04.2015