«Green Campus» жобасы бойынша

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және Саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттері «Green campus» жобасы бойынша сәуір айының 10-шы жұлдызында Ақжар ауданындағы «Ақ Үміт» балалар үйіне барып қайтты. Студенттер балалардың көңіл күйін көтеріп, әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастырып балалардың жүздеріне күлкі ұялатты, сонымен қатар өз тараптарынан көмек рентінде әр балаға сыйлық ретінде тәттілер мен бөлме гүлдерін сыйға тартты.

Ұйымдастырушы: аға оқытушы Бияздықова Кенжегүл Әлімбекқызы,

Мәдениеттану мамандығының 2 курс студенттері.

 

Басылым күні :  14.04.2015