DACH жобасының презентациясы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне басқа ұйымдардан қаржыландыру көзі бойынша жобаларды тарту бағдарламасының аясында Макс Планк әлеуметтік антропология институты (Германия) және Цюрих университетінің профессорларының қатысуымен 9-10 сәуір аралығында DACH жобасының презентациясы өткізілді. Оған Макс Планк әлеуметтік антропология институтының профессоры Гюнтер Шлее, Цюрих университетінің профессоры Питер Финке, Мартин Лютер университетінің PhD докторы Вольфганг Холзвард, Макс Планк әлеуметтік антропология институтының PhD докторанттары Индира Алибаева, Динара Абильдинова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің профессорлары, докторанттары қатысты.

Басылым күні :  14.04.2015