Айнұр Әбдірәсілқызымен кездесу

26 наурыз күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» директоры Айнұр Әбдірәсілқызымен кездесу өтті. Аталған жиынға Алматы қаласы білім басқармасының өкілі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Кұнапина, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, кафедраның оқытушы профессорлар құрамы, студенттер және Алматы қаласының мектептерінде дінтану пәнінен сабақ беретін ұстаздар қатысты. Бұл жиында дінтану пәнінің мектептерде оқытылу мәселесі және дінтанулық ағартушылық жұмыстары жайында кеңінен талқыланды. Жиын соңында «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» директоры Айнұр Әбдірәсілқызы осы мәжілісті ұйымдастырған Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымына алғысын білдіріп, айтылған ұсыныс-пікірлерді жұмыс барысында ескеретінін сөзге тиек етті

 

Басылым күні :  01.04.2015