Деканмен кездесу

2015 жылдың 19 наурызында Философия және саясаттану факультетінің қабырғасында Дінтану және мәдениеттану кафедрасы "ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығымен" бірлесе отырып, факультетіміздің түлегі, факультет деканы, филос.ғ.д., профессор Масалимова Алия Рмғазықызымен бейресми кездесу өткізді. Кездесуге дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, оқытушылар Ә.Ө. Өмірбекова, К.Бияздыковалар қатысты. Кездесу барысында кофе ұсынылып, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. 2 курс мәдениеттану мамандығының студенті Ануарбекова Гүлжайна гитарамен ән бастап, барлығы қосыла шырқады. Студенттер осындай бейресми кездесулерді жиірек өткізіп тұруды ұсынып, көңілді тарасты.


Басылым күні :  25.03.2015