Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2015 жылдың 18-19 наурызында «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы   VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасын өткізді. Республикалық олимпиаданың тақырыбы: «Қазақ мұсылмандық ерекшелігі мен болмысы».

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасында олимпиадаға «Дінтану» мамандығының студенттері (команда аты «Нұр» тобы) Ташмұханбет Сырым, Танирбердиев Бекасыл, Болатханова Ақбөпе және команда жетекшісі ретінде аға оқыт. Джекебаева М.А. қатысып қайтты. Нәтижесінде VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасынан «Нұр» тобы 2 -нші орын иеленді.

 

Басылым күні :  25.03.2015