"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында

2015 жылдың 10 наурызында 1 курс Мәдениеттану мамандығының студенттері мен куратор-эдвайзері Н.С. Әлтаеваның ұйымдастыруымен "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл" толуына орай "Түрлі халықтар мәдениеті" тақырыбында танымдық мәдени іс-шара өткізілді. Студенттер еліміздегі түрлі халықтардың мәдениетін айта отырып, қазақ халқының мәдениетіне баса назар аударды. Студенттер қазақша қонақжайлылықпен қатар ән мен күй, шапан жабу сияқты халқымыздың мәдениетін көрініс арқылы керемет жеткізе білді.

Басылым күні :  25.03.2015