«Қара жорға» болмаса, бидің сәні келер ме?

2015 жылы 11 наурызда Гиннестің рекордтар кітабына жазылған қазақтың дәстүрлі «Қара жорға» биіне арналған  «Тәні саудың-жаны сау» атты жобасы аясында   дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары мен магистранттарының ұйымдастыруымен ауқымды флэш-моб өтті. Қазақта әнші көп, бірақ та Шәмші жоқ дегендей, бұл күнде биші көп. Десе де, биде кім бар, кім жоқ? Ал, әлемге қазақты және қазақ өнерін танытып жүрген сексеннің сеңгіріне келген Арыстан қажы Шәдетұлы студенттердің ортасына бірге билеп, көпшілік қауымды бір қуантып тастады. Флеш-моб Арыстан атаның жеке  сұхбат-кездесуімен жалғасын тауып келген барлық қонақтардың көңілін бір сергітіп тастады.

 
   

Басылым күні :  25.03.2015