«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

06.12.2017 жылы сағат 18.0-00-де халықаралық қатынастар факультетінің 200 аудиториясында  философия және саясаттану мен  шығыстану факультеттерінің  1 курс магистранттарымен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» мемелекеттік бағдарламасын таратуға негізделген «Рухани жаңғырудағы латын тіліне көшудің алатын орны»    тақырыбында  дөңгелек үстел    өткізілді.  

Ұйымдастырушылар жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жастар қанатының төрағасы, саясаттану мамандығының 1 курс магистранты Н. Орынбеков және  философия және саясаттану мен шығыстану факультеттерінің 1 курс магистранттары.

Дөңгелек үстел   «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.  

Дөңгелек үстелге  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы  Т. Тебегенов,  М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалым хатшысы, Phd  докторы Е. Сұлтан,  А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаева Орынай арнайы шақыртылып, жоспарланған баяндамалар тыңдалды және қонақтар мен  магистранттар арасында   латын тілі туралы сұхбат пен пікір алмасулар өз деңгейінде өтті.

Дөңелек үстелде кіріспе сөзді профессор С.Қ. Бердібаева сөйледі. Арнайы баяндамалар тыңдалды. Магистрант Н. Орынбеков  өз баяндамасында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керектігін ескерте келіп: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс», – деген сөзін келтіре отырып баяндамашы рухани жаңғыру бағдарламасының маңызын айтты.

 Профессор Т. Тебегенов  магистранттарға латын тілінің ұлт болашағы үшін маңыздылығын айта келе,   көптеген тарихи оқиғаларды талдап, рухани жаңғырудағы латын тіліне өту болашақтың жарқын мазмұнын беретінін айтып берді

Дөңгелек үстел барысында баска да конактар мен біздің магистранттар ад  өз ойларын ортаға салды.  Саясаттану мамандығының, 1 курс магистранты Т. Айбергенов атындағы ақындар мүшәйрасының лауреаты Ысқақ Оралбек «Рухани жаңғыру-кейінге із қалдыру» атты өз шығармашылығынан туындаған өлеңін оқып берді. Сонымен қатар мәдениеттану мамандығының  1 курс магистранты   Әділет Жексенбі дөңгелек  үстелді «Отан» әнімен аяқтады.

Дөңгелек үстел  өте қызықты және мазмұнды  өтті.

 

Басылым күні :  22.12.2017