Қазақстан және Польша психологтары халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

28-29 қыркүйегінде Ph.D доктор, профессор Wojciech Kulesza (Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университеті, Варшава қ., Польша) бірге әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасында кездесу өтті. Wojciech Kulesza – әлеуметтік психолог, әлеуметтік мимикрияны зерттеу бойынша әлемдегі жетекші мамандардың бірі және АҚШ, Үндістан, Бельгия және т.б. елдердің ғалымдарымен бірге зерттеулер жүргізген. Қызықты және танымдық дәрісте, сонымен бірге «Қазақстан және Польшадағы психология: ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде психологиялық зерттеулердің дизайны, «хамелеон эффектісін» қолданбалы мүмкіндіктері, сонымен қатар бірлескен зерттеулердің бағыттары қарастырылды.

 
 
 

Басылым күні :  04.10.2016