«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

22 қыркүйек 2016 жылы Дінтану мамандығының 2 курс студенттері куратор-эдвайзерлері Қаңтарбаева Жанна Орынбасаровнаның жетекшілігімен № 9 студенттер үйінде «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған «Тілім – менің тірегім» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Студенттер тілді дамыту мәселесіне арналған баяндамалар оқып, әртүрлі халықтардың тілдері туралы қызықты фактілер келтірді. Патриоттық өлендер айтып, мақал-мәтелдер сайысын өткізді. 

Басылым күні :  03.10.2016