«100 кітап»

2016 жылы 21 қыркүйекте сағат 15:00 ФФиП, 417 ауд. «100 кітап» жоба аясында Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Мақал–мәтелдердегі халық даналығы» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада орыс тобының 1-ші және 2-ші курс студенттері мен «Психология» мамандығының 1-ші курс магистранты қатысып, қазақ халқының мақал-мәтелдерін қазақ және орыс тілдерінде атап өтті. Мақалдардың тақырыптық бағыты: патриотизм мен Отанға деген суйіспеншілік, отбасындағы қарым-қатынас, байлыққа деген қатынас, достық, еңбек туралы, тағам және басқа туралы алуан түрлі болды. Студенттер адамның өмір тіршілігіндегі түрлі саладағы қарым-қатынасын бейнелейтін мақалдардың мазмұнына психологиялық талдау жүргізді. Соңына қарай, күнделікті және ғылыми психологияға салыстыру жүргізілді, оның ішінде, этнопсихология, мәдени психологияға. Онда күнделікті психологияның ғылыми психологияға аяқ басу барысындағы рөлінің маңыздылығы сомдалды.  

Ұйымдастырушы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорының м.а. М.П. Кабакова

 
 

Басылым күні :  23.09.2016