Ұлттық идеяға – Ұлттық Университеттің қолдауы

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының танымдық-тағылымдық маңызы туралы Алматы әкімшілігінің ұйымдастыруымен қалалық-методологиялық семинар өтті. Семинарға факультетіміздің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалмова А.Р., Молдабеков Ж.Ж., доцент Сейтнұр Ж.С., әлеуметтік ғылымдар докторы, доцент Қылышбаева Б.Н., доцент Құранбек А.А және магистранттар мен студенттер қатысты. Семинарда «Мәңгілік ел» идеясының тұжырымдамасын тиянақтау, түсіндіру және тарату мәселелері талқыланды. Мәңгілік ел пәнін оқу жүйесіне, әсіресе мектептегі оқу жүйесіне ендіру мүмкіндіктері мен жолдары қарастрылды. «Мәңгілік ел» идеясын насихаттайтын орталықтарды қалада, ірі мекемелерде ұйымдастыру мәселесі ортаға салынды. Осы проблемалар төңірегінде Философия және саясаттану факультетінің рөлін арттыру туралы ұсыныстар айтылды.

Филос.ғ.д., профессор

Молдабеков Ж.Ж

Мәдениеттану мамандығының

4-курс студенті Утешова Р.С


Басылым күні :  16.09.2016