Діни сауатсыздық - діни экстремизмнің бастауы

Алматы қаласы Медеу ауданы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 9 қыркүйек күні 2016 жылы "Діни сауатсыздық - діни экстремизмнің батауы" атты дөңгелек стөлдің аясында конференция өткізілді. Бұл конференцияға педагог мамандар, имамдар, әр университеттің студенттері , Алматы қаласының әкімдігінен келген діни басқарма өз ойларын ортаға салды. Бірінші болып Алматы қаласының сараптама жүргізу орталығынан келіп отырған Мерхат Мұхтарұлына сөз кезегі беріліп, қазіргі жастардың не себепті теріс жолға түскенін, олардың сауатсыздығын айтып өтті. Екінші сөз кезегін Медеу ауданының бас имамы Тілепберген Алламжарұлына берілді. Бас имам жастардың Ислам дінін дұрыс білмегендіктен осындай кері ағымдарға кіруіне себеп болғанын атап көрсетті. Содан кейін "Отбасы күніне" орай көпбалалы ана Құралай Сүргелдіқызына сөз кезегі берілді. Құралай Сүргелдіқызы ата-ана мен бала тәрбиесіне тоқталып кетті. Барлығы тәрбиеден басталатынын және имандылықтан болатынын айтып өтті.

Қорытындылай келе бұл конференция 2 сағатқа созылып, көптеген мәселелер талқыланды. Яғни қазіргі жастардың сауатсыздығы, өз тарихын білмеуі, тәрбиенің болмауы осындай жағдайға алып келетінін атап көрсетті. Іс-шараға қатысушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Ұ.А. Тунгатова 3 курс дінтану мамандығының студенті Сеитжанова Аида.


 
 

Басылым күні :  16.09.2016