Қазіргі замандағы клиникалық психология: мәселелері және болашағы

Философия және саясаттану факультеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасы 2016 жылдың 6 қыркүйек күні халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында Болгарияның жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып Қазақстандағы Отбасы күніне орай «Қазіргі замандағы клиникалық психология: мәселелері және болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Болгарияның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің танымдық зерттеулерін нығайту, Қазақстандағы клиникалык психологияны дамыту мақсатында клиникалық психология және психотерапия саласы аясындағы практик психологтарды дамыту. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия және саясаттану факультетінде Болгариямен бірлесе отырып қосдипломдық магистрлік бағдарламасының болашақта ашылуы болып отыр. Дөңгелек үстелге 40-тан астам адам қатысты: әр түрлі университеттің өкілдері; қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер; Қазақстан мен Болгарияның ғылыми-практикалық орталықтары; психология мамандары; әлеуметтік жұмыскерлер; философия және саясаттану факультетінің мұғалімдері мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаевтың сәлемдесуімен басталды. М.М. Бүркітбаев Болгариядан келген әріптестерге өзара бірлестігі үшін алғысын айтты, сонымен қатар барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен алға қойған мақсаттарына сәттілік тіледі. Сөз кезегі философия және саясаттану факультетінің деканы профессор А.Р. Масалимоваға берілді. Ғылыми-іс шараның қатысушыларын Қазақстандағы Отбасы күнімен құттықтап, әрбір адамның, жалпы ұлттың психикалық денсаулығын сақтаудағы Отбасының маңызды ролін атап өтті. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі клиникалық психологтарды дайындаудағы ең басты жоғары оқу орны болатынына сенім білдірді. Баяндама оқығандар: 1) Психикалық денсаулықты дамыту институтының басшысы, София университеті Әулие Климент Охридски (Болгария) профессоры, психология ғылымдарының докторы, В. Матанова; 2) Орталық Азия мен Қазақстандағы отбасы институтының директоры А.А. Базарбаева; 3) коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі, психотерапия негіздері, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы және медициналық психологиясы, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.А. Асимов; Д.Драпер атындағы және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың коммуникативтік дағдылар орталығының доценті, мед.ғыл.к. Ф.А. Багиярова; 4) ҚР онкологиялық қызметінің психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы, American Psychosocial Oncology Societ мүшесі И.Р. Хусаинов; 5) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, психолог-полиграфолог, клиникалық психолог, психология ғ.к. С.К. Құдайбергенова.  Дөңгелек үстелді жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Мадалиева З.Б. қорытындылады. Дөңгелек үстел достық қарым-қатынаста өтті.

Ұйымдастырушы – модератор: профессор м.а. Кабакова М.П.

 
 
 
 
 

Басылым күні :  09.09.2016