«ТӘНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ» жобасы аясында

2016 жылдың 14 наурызында философия және саясаттану факультетінің оқытушылары мен студенттер арасында «ТӘНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ» жобасы аясында «Витамин против никотина» атты акция өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - темекі шегушілерді өз денсаулықтары туралы ойлауға мәжбүр ету, адамдардың көңілін салауатты өмір салтын насихаттау маңыздылығына бөлу.

Ұйымдастырушылар акцияға қатысқан адамдарға бір темекіні дәруменге (алма, мандарин) ауыстыруды ұсынды.

Ұйымдастырушылардың бұл ұсынысына адамдар әр түрлі жауап берді, біреулер немқұрайлық танытса, енді біреулер тоқтап, ұйымдастырушылардың айтқанына құлақ салып, бұдан былай темекіні тастауға уәде беріп, жемістермен айырбастағандар да болды. Акцияға қатысқан адамдар ұйымдастырушылардың бұл ісіне қайран қалып, пайдалы іспен айналысқандарын қош көріп, ілтипаттарын білдіріп жатты.

Біздің акциямызға қатысқан адамдар шынында да, темекіден бас тартып, салауатты өмір салтын таңдайды деген үміттеміз. Ұйымдастырған: Масалимова А.Р., Қаңтарбаева Ж.О. және 2 курс мәдениеттану мамандығының магистранттары.

 
 

Басылым күні :  11.05.2016