Хакоми-терпия тәжірибелік психологияның жаңа бағыты ретінде

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2016 жылдың 21 сәуір күні (ХҚФ, 344 ауд.) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінін «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Хакоми-терпия тәжірибелік психологияның жаңа бағыты ретінде» атты семинар-тренинг «Отбасы академиясы» кешенді отбасын қолдау орталығының практикалық психолог, Калифорния интегралдық зерттеулер институтынын магистранты Елдар Жургеновтін катысуымен өткізілді.

Қатысушылар: Философия және саясаттану факультетінің «Психология» мамандығының магистрантары мен студенттері, «Педагогика және психология» студенттері, сонымен қатар жалпы және қолданбалы кафедрасының профессоры Ахтаева Н.С.

Жалпы семинар-тренинг қатысушыларының саны 19 адам.

Семинар-тренингтің мақсаты Хакоми-терапиянын негізін – басты принциптер, негізгі әдістерді және техникаларды - көрсетуі болды.

Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы кафедра профессорының м.а. Кабакова М.П. және «Психология» мамандығының 2 курс қазақ және орыс тобы магистранттары.

 
 

Басылым күні :  25.04.2016