Кәсіби бағдар

2016 ж. 16 ақпанында Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Джекебаева М.А. және «Дінтану» 1 курс магистранттары кәсіби бағдар беру мақсатында мемлекеттік мекеме 148 мектеп-гимназияда шара өткізді.

Оқушылар университет туралы жалпы ақпарат алып, философия және саясаттану факультетінің мамандықтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар әскери кафедрада көзделген жеңілдіктер, академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы, ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. Университет сайтында студенттерді таныстыру және олар сайттан қандай ақпарат алуға болатындығы туралы айтып берді. Таныстыру үшін факультет буклеттері пайдаланылды.

 
 


Басылым күні :  24.02.2016