"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ақпан айының 20-шы жұлдызында студенттер арасында қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі «Нашақорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында ой қозғалып, студенттер өзіндік пікірлерін ортаға салды. Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғына отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүру қағидалары толықтай талқыланды. Ашық сабақ соңында оқытушылар мен студенттер ұйымдастырушы топқа алғыстарын білдірді.


 

Ұйымдастырушылар: «Мәдениет.kz» клубы және мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттері.

Жауапты: филос. ғ.к., доцент м.а., Бияздыкова К.А. 

Басылым күні :  24.02.2016