Грин кампус

«Green campus» атты жобасы аясында Философия және Саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасында мәдени-тәрбиелік іс-шара өткізілді. 2015ж. 11 желтоқсанда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары  Борбасова К. М., куратор-эдвайзер  Утебаева Д.С. және 3 курс «Дінтану» мамандығының студенттері факультетімізді гүлдендіруге ат салысты. Бұл іс-шараның мақсаты эстетикалық жағынан сұлулық беретін әртүрлі гүлдерден жұмыс бөлмесін әсемдеу. Сәйкесінше, кафедра оқытушыларына жағымды көңіл-күй сыйлап, әсем гүлдер табыс еттілді.


Басылым күні :  05.01.2016