«Ұлы Абайдың қара сөздері»

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениеттану» мамандығының кураторлары Әлтаева Н.С., Өмірбекова А.Ө. және 1, 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 27 қараша күні «100 кітап» жобасы аясында «Ұлы Абайдың қара сөздері» талқыланды. Бұл іс-шарада Ұлы Абайдың қара сөздерімен қатар өлеңдері де оқылды. Құжат Алмахан өз репертуарынан «Абайға арнауын» оқыды. Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші, Нұртаза Бақтиярдың сүйемелдеуімен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері хормен айтылды. Студенттер Ұлы Абайды ұлықтап, шығармашылығына терең бойлап рухани азықпен сусындап қайтты.

 
 

Басылым күні :  27.11.2015