Грин кампус

2015 жылдың 23 қараша күні Философия және саясаттану факультетінің, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1-курс студенттері «Грин Кампус» жобасы аясында «Жасыл желек» атты іс-шара өткізді. Іс-шара бойынша 1-курс студенттері Жалпы және қолданбалы психология кафедрасындағы бөлме гүлдерінің топырағын қопсытып, тазалап, ауыстырды. Әдемілікті әрдайым тану адам психикасына жақсы әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Айналаны әдемі етудің ең оңай тәсілі – кеңсеге немесе үйге бөлме өсімдіктерін сатып алу. Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің сәні болып табылады. Олар жалпыға қол жетерлік, олардың көптүрлілігі де бөлме интерьеріне cәйкесін таңдауға мүмкіндік береді. Әрбіріміздің үйімізге көрік беріп, терезе жақтауларында жиылған бөлме гүлдерінің үйді оттегімен байытудан да өзге артықшылықтары көп. Сол себептен 1-курс студенттері бөлме сәнін келтіретін бөлме гүлдерін баптап, күтім жасады.

 



Басылым күні :  27.11.2015