"100 кітап жобасы" бойынша

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында қараша айының 27 жұлдызында әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатын талқылау мақсатында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер әл-Фараби өмірбаянымен, оның «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатымен толығырақ танысып, өзара ой бөлісті.

 


Ұйымдастырушылар: «Мәдениет.kz» клубы, мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттері.

Жауапты:филос. ғ.к., доцент м.а., Бияздыкова К.А. 

Басылым күні :  27.11.2015