"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Борбасова Қ.М., Утебаева Д.С. және «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, МКҚК «Балдаурен» атты №108 балабақшасында «Тазалық бейсенбілігі» өткізілді. Аталған шара 2015 жылдың 29 қазанында, сағат 10.00-де өтті. Бейсенбілікке студенттердің барлығы белсенді атсалысып, ынтамен және ерекше еңбекқорлықпен балабақшаның айналасын тазалау ісіне өз үлестерін қосты. «Тазалық – саулық кепілі» демекші, балалардың денсаулығы, олардың салауатты болып өсуі – ертеңгі болашағымыздың кемел тұғыры болмақ. Сондықтан, осындай ізгі іске ниет білдіріп, орындаған кафедрамыздың студенттері мен оқытушыларына балабақша меңгерушісі Дүйсебаева М.А. өз алғысын білдірді.

 
 

Басылым күні :  17.11.2015