«ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясының» жаңа 2 сериясының тұсаукесері өтті

26 қазан күні Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде «ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясының» жаңа 2 сериясының тұсаукесері өтті. Аталған серия дін тарихы мен теориясы, дінтанудың өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған Қазақстандағы тұңғыш ғылыми басылым. Қазақстаннан өзге Ұлыбритания, Канада, Түркия елдерінің дінтанушы ғалымдарынан құралған халықаралық редакция алқасын философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Нағима Жаулыбайқызы басқарады. Тұсаукесер шеңберінде Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Б.Б. Мейрбаев Ғылыми кітапхана директоры, философия ғылымдарының кандидаты Б.А. Оразалиевке кітапхана қорына арнап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары әзірлеген: «Ислам банкі: исламның діни және адамгершілік құндылықтары»; «Дін және қоғам: қазіргі заманғы дискурс» монографиялар мен «Қазіргі әлемдегі миссионерлік» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағын сыйлады.

 
 

Басылым күні :  27.10.2015