"100 кітап жобасы" бойынша

2015 жылдың 15 қазанында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары - Қалымбетова Э.К., Кабакова М.П., Жолдасова М.К., Баймолдина Л.О. және т.б. «Психология» мамандығы қазақ бөлімінің 1 курс студенттерімен бірге «100 кітап» жобасы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындаған М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэтикалық дастаны бойынша қойылымның премьерасын тамашалау үшін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды. Қойылым өте жақсы, есте қаларлықтай болды. Психологиялық көзқарас бойынша уақыт пен кеңістіктің ауысуын ұйымдастыру және көрсетуі, сонымен бірге жас актерлердің жұмыстары да өте сәтті берілген. Оқытушылар мен студенттер қойылымнан жақсы әсер алды.

 

Басылым күні :  23.10.2015