«Ұстаздар ұлағаты»

2015 жылдың 6 қазанында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1-2 курс студенттері «Ұстаздар ұлағаты» атты  мерекелік  іс-шара өткізілді. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің  үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осы күні бірінші және екінші курс студенттері бірігіп, оқытушылар үшін өз өнерлерін: фортепианода ойнады, домбыра тартты, ән шырқап, би биледі. Студенттер тек ән мен биді айтып қана қоймай оқытушылардың көңілдерін бір сергітіп алу мақсатында  түрлі қызықты сұрақтар қойып пен ойын ойнады. Концерттің сонында оқытушылар мен куратор-эдвайзерлер студенттерге тілек айтып, жақсы көңіл-күйімен күнді жалғастырды.

 
 

Басылым күні :  13.10.2015