Буккроссинг эстафетасы – ҚазҰУ-да

2015 жылдың 29 сәуір күні «Al-Farabi university – Smart city» жобасы аясында Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің жүзеге асырған «Буккроссинг эстафетасы – ҚазҰУ-да» атты инновациялық жобасының ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсімін жүзеге асырып, бастама берген факультет деканы Масалимова Алия Рымғазықызы және дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызы және кафедраның басқа да оқытушылары өздерінің жеке кітапханаларынан кітаптар сыйлады.

 

Ұйымдастырушылар: Кафедра доценті М.Б. Аликбаева және «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранттары: С. Құдайбергенов, Ж. Аликбаева, А. Айниязова және 3-курс студенттері.

Басылым күні :  04.05.2015