"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында

19.04.2015 ж. «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының Мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзері Н.С. Әлтаеваның жетекшілігімен Алматы қалалық №3 "Жанұя" балалар үйінің балаларына концерттік бағдарламамен барып қайтты. Сонымен қоса балалар өз өнерлерін көрсетті. Демалыс күн болғандықтан таза ауада ойындар ойнатып, студенттер балалармен қимай қоштасты. Студенттердің өз есебінен балаларға арнайы сыйлықтар мен тәттілер апарылды.

                            

Басылым күні :  24.04.2015