«Мәдениетаралық кеңістіктегі спорттық психология» атты халықаралық конференция

2020 жылдың 4-5 желтоқсанында Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералды университетімен серіктестікте «Мәдениетаралық кеңістіктегі спорттық психология» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға спорт психологиясы, спорт социологиясы және спорт философиясы, спорт педагогикасы, дене шынықтыру мен спорт теориясы мен әдістері саласындағы мамандар; жоғары білім оқытушылары, студенттер, аспиранттар және докторанттар, жаттықтырушылар; дене шынықтыру және спорт саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 2015 жылдан бастап ҚазҰУ УрФУ-мен бірге «Спорт психологиясы» мамандығы бойынша екі дипломды магистрлік бағдарламаны жүзеге асырады, оның түлектері де конференцияға белсене қатысты.

 

 

 


Басылым күні :  11.12.2020