Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

2020 жылдың 23 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 7М03103-«Психология» мамандығының 2 курс магистранттары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Коронавирустық пандемияға байланысты ғылыми тағылымдама онлайн режимде өтті. Тағылымдама барысында магистранттар:

  • кафедра оқытушыларының және жұмыс берушілерінің дәрістер, тренингтер мен пікірталастар түрінде өткен сабақтарына қатысты;
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорларының арт-терапия, музыкалық терапия, тайм-менеджмент, клиникалық психология, интегративті психология және психологиялық кеңес беру салаларындағы жаңа әдістер мен тәсілдер көрсетілген мастер-классына қатысты;
  • психологиялық зертханалардың жұмысымен танысты – бұл «Когнитивті нейроғылым» ғылыми-зерттеу орталығы және психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер зертханасы;
  • әл-Фараби кітапханасымен танысты.

Біз Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығына сенім мен ынтымақтастық үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

 

Басылым күні :  05.12.2020