Бірінші курс таланттары

ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1 курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы дәстүрлі емес онлайн форматта өтті.

 

Эстрадалық ән, классикалық ән, дәстүрлі ән, халықтық би, қазіргі заманауи би, жас ақындар, домбырада ойнау, қобызда ойнау, пианинода ойнау, гитарада ойнау, жүргізушілер, актерлік шеберлігі номинациясы бойынша бақ сынасқан «1-курс Таланттары» байқауына мыңнан аса өнерлі жастар қатысты. Байқау соңында сан түрлі номинациялар бойынша өнер көрсетіп, топ жарған жалынды жастар жүлделі орындарды иеленіп, айнайы марапатқа ие болды.

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс студенті Умбеталиева Асия "Хореография (ұлттық би)" номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Басылым күні :  18.11.2020