Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының студенттерімен онлайн кездесу

2020 жылғы 29 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мадалиева Забира Бекешқызы «Психология» мамандығының студенттері және магистранттарымен онлайн кездесу жүргізді. Сонымен қатар, кездесуге кафедра меңгерушісінің орынбасарлары мен куратор-эдвайзерлер де қатысты. Кездесу барысында жазғы емтихан сессиясының өткізілу ережелері мен ерекшеліктері түсіндірілді. Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, жауап алуға мүмкіндік алды.

 

 

Басылым күні :  30.04.2020