ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткен М.П. Кабакованың «Қазақ отбасындағы психологиялық ерекшеліктер» кітабының тұсаукесері

Өткен мерзімі – 06 сәуір 2018 ж. 

Өткен уақыты – сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін 

Өткен орны: Халықаралық көрме кешені «Атакент-Экспо», №10 павильон, конференц-зал

Ұйымдастырушылар: «Қазақ университеті» баспа үйі, қолданбалы және жалпы психология кафедрасының профессоры м.а. - Кабакова М.П.

Қатысушылар: Назарбаев университетінің шет елдік (Германия және Туркиядан), профессорлары, оқытушылар, магистранттар, студенттер және аль-Фараби атындағы ҚазҰУнің түлектері, жеке-меншік мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, іс-тәжірибеден өтуші психологтар, қала мектептерінің оқушылары және ата-аналары, «Қазақ университеті» баспа үйі ұжымының әріптестері, автордың отбасы мүшелері.

Мақсаты: 1) Қазақ отбасына жүргізілген алғашқы әлеуметтік-психологиялық зерттеулер қорытындысы мен оның ерекшеліктерін қоғам жұртшылығына жеткізу. 2) Қазақ халқының өкілдері мен барлық қазақстандықтарға отбасы құндылықтарын насихаттау. 3) Пәнаралық зерттеу объектісі ретінде қазақ этносы отбасын зерттеуде түрлі саладағы ғалымдар мен мамандардың бірлесе жұмыс атқаруының маңыздылығын көрсету.

ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың сәуір айының 6 жұлдызында аль-Фараби атындағы ҚазҰУнің қолданбалы және жалпы психология кафедрасының профессоры м.а. Кабакова Майра Победовнаның «Қазақ отбасындағы психологиялық ерекшеліктер» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер жоғары оқу орындары Қауымдастығының, Алматы қаласы Әкімдігінің, ҚР БҒМ қолдауымен, «Білім және мансап» ХІХ Қазақстандық халықаралық көрме аясында «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме кешенінде өтті.

Білім бойынша Қазақстан мен Шет ел оқушылары мен студенттеріне арналған ең ірі көрме - жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінің Ашық есік күні болды. Биылғы жылы 13 елдің 80-нен астам білім беру мекемелері әлемнің әр елінің білім беру жүйесімен көрмеге келушілерді таныстырды.

Тұсаукесер рәсімінің қонақтары Назарбаев университетінің шетелдік профессорлары (Германия және Түркия), Базарбаева А.А., Қазақстан мен Орталық Азия отбасы Институтының директоры, Оралбек Кабоке, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, суретшілердің жастар Одағының төрағасы, «Ақ дастарқан» картинасының авторы, монография мұқабасын әрлендірген, Калыш А.Б., ҚазҰУнің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Таубаева Ш.Т., педагогика ғылымдарының докторы, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, «ЖОО Үздік оқытушысы-2017» атағының иегері, Касымова Р.С., ҚазҰУнің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мауль Т. А. адам биоплазмасын сауықтыру орталығының директоры, баламалы медицина докторы, Распопова Е., персоналды бағалау кеңесшісі, «HR consulting» ұйымдық даму орталығының психологы, Ақсақалова Ж.К, Туран университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты, Олжаева А.Қ., «Мектептегі психология» Республикалық журналының бас редакторы, психология магистрі, Серикбаева Г.Е., «Europa Express» ЖК директоры, психология магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің студенттері мен магистранттары, қала мектептерінің оқушылары, сонымен қатар Тавлютова Әлия, № 123 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы, анасы А.С Тавлютовамен, «Қазақ университеті» Баспа Үйінің ұжымының қызметкерлері, автордың отбасы мүшелері және т. б.

Тұсаукесерді жүргізген сату бөлімінің маркетологы - Сембаева Мерей.

М.П Кабакованың монографиясы - бұл оның қазақ этносы отбасы өкілдерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарының көпжылдық нәтижесі екенін атап өту қажет. Бұл зерттеу объектісі ретінде қазақ отбасы алынған қазақстандық психологиядағы алғашқы жұмыстардың бірі. Кітабтың тұсаукесері қазақ халқының тұсау кесу, шашу сынды салт-дәстүрлерін көрсете отырып, жайлы және достық пейілде өтті.

Отбасы тақырыбы іс-жүзінде тұсаукесерге қатысқан әрбір қатысушыдан жалғасын тапты. Ал кітап үлкен қызығушылық тудырды.

Отбасы тақырыбы өзекті болып табылатындықтан, құрметті профессорлар «Бақытты отбасы -табыстың кепілі!» тезисінің маңыздылығын атап көрсетті және үштілді елдер мен ҚР әртүрлі мамандықтағы ғалымдарымен күш-жігерімізді біріктіре отырып, қазақ отбасыларына зерттеулер жүргізуді жалғастыруға ұсыныс жасады, сондай-ақ авторға докторлық диссертация қорғауға тілек білдірді.

Суретші Оралбек Кабоке мұқаба ретінде оның картинасын таңдағаны үшін авторға деген өз қуанышы мен алғысын білдірді және М.П. Кабакованың қазақ отбасына жүргізген бұл зерттеулері осы тақырыптағы оның жаңа идеяларының туындауына шабыт бергенін атап өтті.

Кабакова Майра Победовнаның кітабы сұранысқа ие болады және өз оқырманын табады деп үміттенеміз!

 

 
   
   
   
   

Басылым күні :  13.04.2018